ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Барлық мұғалімдер бойынша кесте сұлбасы

Барлық мұғалімдер бойыншакесте сұлбасын қарау үшін қажет: 

1-қадам. Көк жолақтағы басты мәзірде «Мектеп» / «Кесте» / «Мұғалім» бөлімін таңдау.

Оң жақтан барлық мұғалімдер бойынша торды көрсету үшін «Барлық мұғалімдер бойынша кесте торы» таңдау. 

2-қадам. Сыныптарға қажетті кестені көрсету үшін, сыныпты таңдау:

  • барлық мектеп;
  • 0-4 сыныптар;
  • 5-12 сыныптар.

3 кезең. Кезеңді таңдау:

  • апта;
  • күн.

Торды кішкентай экранда көру үшін, «Күн» кезеңін таңдау керек.


Әдепкі бойынша ағымдағы аптада бүкіл білім беру ұйымы үшін кесте торы көрсетіледі.

Күнтізбе  арқылы кез келген аптаны таңдауға болады.

Одан кейін барлық мұғалімдер бойынша кесте торы көрсетіледі:


Кем дегенде бір сабағы бар сабақ кестесінде сабақтардың нөмірлеріне сай, тор қалыптасады.

Мысалы, егер білім беру ұйымында 1-5, онда 6-8 сабақтар көрсетілмейді. 6-8 сабақ қосу үшін (мысалы) кез келген бос ұяшыққа басып, терезедегі сабақ нөмірін қажетті ұяшыққа ауыстыру қажет.

Барлық журналдарда түспен ерекшелену сияқты түспен белгіленген:

Егер әкімші кестеде қандай мұғалім сабақ жүргізетінін көрсетпесе, «ЭЖК жүргізу статистикасы: Мектеп» есебінде «Учитель не указан» жолы шығып тұрады:


Мұғалім тағайындалмаған сабақты жылдам табу үшін, кесте торын пайдалану керек.

Мұғалім тағайындалмаған сабақтар төмендегі жолда көрсетіледі:


Мүмкіндіктер:

  • мұғалімді (төмендегі жолдағы сабаққа) тағайындау үшін, осы сабақ кестесінен тікелей сабақтың өңдеуіне басып тағайындау мүмкіндігі бар;
  • ашық кестені басып шығару мүмкіндігі . Басып шығару қосымшасы желімдеуді ары қарай жапсыруға болатын етіп жүзеге асырылған;
  • Excel форматын экспорттау мүмкіндігі .

Сабақты жою/ауыстыру/кейінге ауыстыру қалай жасауға болады?

Кестені жариялап болғаннан кейін, сол кестеге қосымша өзгертілерді енгізу қажеттілігі пайда болады (мысалы, мұғалімнің ауырып қалған себебімен байланысы). «Кесте» бөлімінің өңдеуі келесі өзгерістерді енгізуді қолдайды:

  • сабақты жою немесе болдырмау;
  • пәнді ауыстыру;
  • сабақты басқа күнге ауыстыру;
  • мұғалімді ауыстыру;
  • топты, кабинетті ауыстыру.

Сабақты кестеде кейінге қалдыру

Кестеде сабақты болдырмау үшін:

  • «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, қейінге қалдыратын сабақты таңдап, ашылған мәзірде қызыл домалаққа басу;

  • «Сабақты кейінге қалдыру» батырмасын басып, себебін енгізу (қажет болған жағдайда);

  • мұндай сабақ қызыл түспен белгіленеді; күнтізбелік жоспарлауда бұл сабақ қызыл түсті болып шығады және тінтуірді сабаққа апарғанда кейінге қалдырылған болып шығады.


 Журналда және күнтізбелік жоспарлауда кейінге қалдырылған сабақ шықпайды.

Кейінге қалдырылған сабақты қалпына келтіруге болады, кестенің өңдеуіне қайта кіріп(«қарындаш» суретіне басу), қалпына келтіру баптауын таңдау:

  • «ауыстыру/кейінге ауыстыру ретінде белгілеу» типін таңдаған кезде – сабақ кестеде жасыл түспен белгіленеді, кейінге қалдырылған сабақ «Сабақтарды болдырмау және ауыстыру» есебінде шығады.
  • «белгілемеу (қатені түзету және т.б)» типін таңдаған кезде – сабақ кейінге қалдырылды деп белгіленбейді және «сабақты кейінге қалдыру» жұмысы есепте шықпайды.


Сабақты кестеден жою

Сабақты жою үшін:

  • «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, жоюға арналған сабақты таңдап, ашылған мәзірде қызыл домалаққа басу;


  • ашылған терезеде «Сабақты жою» жолын таңдап,  батырмасы арқылы өзгертулерді растау.

 Жойылған сабақ күндік кестеден жойылады, қосымша журнал мен күнтізбелік жоспарлаудан енгізілген деректермен бірге: бағалар, үй тапсырмасы, егер олар енгізілген болса.

Сабақты басқа күнге ауыстыру

Сабақты басқа күнге ауыстыру үшін:

  • ауыстырылған сабақ қай күнге ауыстыратындығын белгілеп, сол күннің бос ұяшығының барын көз жеткізу. Егер ұяшықта сабақ бар болса, оны болдырмау қажет (болдырмау туралы нұсқаулықпен танысыңыз);
  • «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, басқа күнге ауыстырылатын сабақты таңдап, ашылған мәзірде «қарындаш» батырмасын басу;


  • сабақтың нөмірін және күнін енгізіп, «ауыстыру/кейінге ауыстыру» типін таңдау;


 «белгілемеу (қатені түзету және т.б)» параметрін таңдаған кезде, сабақ басқа күнге ауыстырылды деп белгіленбейді және «сабақты басқа күнге ауыстыру» әрекеті «Сабақтарды ауыстыру және болдырмау» есебінде шықпайды.

  • «Сақтау» батырмасын басып, себебін енгізу (қажет болған жағдайда), және өзгерістерді растау.


Басқа күнге ауыстырылған сабақ кестеде жасыл түспен белгіленеді.


Күнтізбелік жоспарлауда басқа күнге ауыстырылған сабақта, бастапқы күні жақшалардың ішінде тұрады.


Күнтізбелік жоспарлауды басып шығару әрекетін жасаған кезде, ауыстырылған сабақтың күні жақшада тұрады.

Сабақтың пәнін кестеде ауыстыру

Пәнді ауыстырып шығу үшін:

  • «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, басқа күнге ауыстырылатын сабақты таңдап, ашылған мәзірде «қарындаш» батырмасын басу;

  • «Сабақты болдырмау» әрекетін таңдап, себебін белгілеу (қажет болған жағдайда);

  • кейінге қалдырылған сабақ кестеде қызыл түсті болып шығады. Ары қарай, сол сабақтың орнындағы ұяшыққа «қосу» батырмасы арқылы жаңа сабақты қосып, сабақ туралы деректерді енгізу қажет;


  • сабақты кейінге қалдырғаннан кейін, қосымша терезе ашылғанда  батырмасын басу қажет;
  • жаңадан жасалған сабақ кестеде кейінге қалдырылған сабақпен бірге шығады және жасыл түсті болып белгіленеді.


Нәтижесінде барлық өзгертулер «Сабақтарды ауыстыру және болдырмау» есебінде шығады.

Сабақтағы мұғалімді (топты немесе кабинетті) кестеде өзгертуі

Мұғалімді (топты немесе кабинетті) ауыстыру үшін сабақтың баптауларында қажет:

  • «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, басқа күнге ауыстырылатын сабақты таңдап, ашылған мәзірде «қарындаш» батырмасын басу;


  • «Мұғалім» өрісінде қажетті өзгертулерді енгізіп, немесе «Кім қатысады», немесе «Кабинет» және оны «ауыстыру ретінде белгілеу» типін таңдап ауыстыру;


«белгілемеу (қатені түзету және т.б)» параметрін таңдаған кезде, сабақ басқа күнге ауыстырылды деп белгіленбейді және «сабақты басқа күнге ауыстыру» әрекеті «Сабақтарды ауыстыру және болдырмау» есебінде шықпайды.

  • «Сақтау» батырмасын басып, себебін енгізу (қажет болған жағдайда), және өзгерістерді растау.

 Өзгертілген сабақ кестеде жасыл түсті болып белгіленеді.


Мұғалімнің ауысуы журналдағы сабақ парақшасында шығады.


Ауысқан мұғалім, күнтізбелік жоспарлау мен журналға деректерді енгізе алатын болады.

Егер кестеге енгізілетін өзгертулер көп болса, онда сабақ түрлендіргішке өзгерістерді енгізіп, жариялау қажет болады, бірақ біріншіден жарияланған кестеден бар сабақтарды жойып шығу қажет.