ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

Қашықтықтан оқыту кезеңінде Әкімгерлерге арналған ұсыныстар

Карантин кезеңінде қашықтықтан сапалы білім беру мақсатында kundelik.kz келесі ережелерді ұстануды ұсынады:

  1. Мектеп қызметкерлерінің Интернетке қол жетімділігі бар құрылғылардың болуына көз жеткізу.
  2. Мектеп қызметкерлерінің kundelik.kz сайтына және онлайн-сабақ өткізу үшін ресурстар бар болуын тексеру.
  3. Мектептің мүмкіндіктеріне сәйкес мектеп басшылығымен сынып кестесін келісу және жасау.  
  4. Қашықтықтан оқытуды өткізу жоспары туралы қызметкерлерге хабарлау және нұсқау беру.
  5. Мектеп қызметкерлерін карантин кезеңінде оқыту кезінде пайдаланылатын платформаларын көрсету және оқыту.
  6. Мектеп пайдаланушыларын kundelik.kz жүйедегі хабарландыруларды пайдалана отырып, ақпараттандыру.
  7. Мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлауды толтыруды және үй тапсырмаларын беруді бақылау.

Пайдалы сілтемелер тізімі:

Онлайн-сабақтарды өткізу және олар үшін платформаны таңдау мәселелерімен мектеп басшылығы, сондай-ақ басқарушы ұйым айналысады. 

Сайт жұмысының мәселелері бойынша сұрақтар туындағанда Қолдау қызметіне 8-727-313-18-32 нөмірі және team@kundelik.kz электрондық мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.

Методические рекомендации по дистанционному обучению от МОН.docx