Халықаралық білім беру корпорациясы
ҚазБСҚА миссиясы – жоғары білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету, студенттерге барлық деңгейлі білім алу мүмкіндігін беру, тез өзгеретін әлемде, қоғамда өз орнын таба алатын, ой-өрісі кең, жоғары интеллектуалды тұлғалар дайындау. ҚазБСҚА студенттерге терең білім берумен қатар, оларда азаматтық жауапкершілік, отан сүйгіштік және интернационализм сезімдерін баулуға ұмтылады. Бұл барлық ұлттардың, мәдениет пен дінге сенуші адамдардың арасындағы тұрақтылық пен өзара түсіністік жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.
Академияның білім беру саясатының мақсаттарының бірі – студенттерде қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтары түсініктерін тәрбиелеу, адалдық, инабаттылық, үлкендерді құрметтеу, ақ ниеттілік және көпшілдік сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетуге оқу бағдарламаларымен қатар, сондай-ақ студенттерді клубтар, студенттік ұйымдар және орталықтар арқылы аудиториядан тыс, ғылыми, қоғамдық, мәдени және спорттық қызметке тартуда септігін тигізеді. Оқытушылардың тәлімгерлігі (эдвайзерлер институты), аға студенттердің жас студенттерге қамқорлығы да үлкен рөл атқарады.
ҚазБСҚА білім беру бағдарламаларын жақын және алыс шетелдегі жетекші университеттерде қабылданған стандарттарға сәйкес бірігейлендіруге ұмтылады. Студенттерге әлемдік білім кеңістігіне кіруге, шетелде білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін, академия түлектерінің дипломдарын дүние жүзі бойынша мойындатуға ықпал ететін кредиттік білім беру жүйесі енгізілді. Осы бағытта ҚазБСҚА өзінің халықаралық байланыстарын белсенді түрде дамытып келеді.
Академия Қазақстан азаматтарына, әрі шетел азаматтарына да білім алудағы тең мүмкіндіктерді, үкімет аралық және жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер мен келісімшарттар негізінде оқуға қабылданатын шетелдік қазақ диаспора өкілдеріне ана тілінде білім алуды ұсынады.
Байланыстар:
Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі, 28
Электрондық пошта: info@mok.kz
Кеңсе: 8 (727) 3096241
Кеңсенің факсі: 8 (727) 3096153