ҚР ҰБ курстары, 03.03.2024
RUB 4.94 (0.00)
EUR 487.47 (0.00)
USD 451.03 (0.00)

Алматы Менеджмент Университеті

AlmaU-дың тарихы 1988 жылы шағын Менеджмент мектебінен басталды.  Аталған мектеп біздің жас еліміз үшін менеджерлердің алғашқы жаңа буынын дайындап шығарды. 1996 жылы алғашқы кезеңнен табысты түрде өткен Алматы менеджерлер мектебі  (АММ) Халықаралық Бизнес Академиясы болып өзгертіліді.  ХБА құрылғаннан кейін 25 жыл өткен соң, Академия алға ілгерілеп дами отырып, УНИВЕРСИТЕТ статусын алды.  Жаңа стратегиясына сәйкес 2014 жылы университетке Almaty Management University деген  жаңа атау беріліп, кәсіпкерлік университет моделін құру қолға алынды.

Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, ҚР-да бірінші рет  МВА және DBA бағдарламалары оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады.

AlmaU-да 4 Мектеп жұмыс істейді: Бизнестің Жоғары Мектебі, Мемлекеттік саясат және құқық Жоғары Мектебі, Менеджменттің Жоғары Мектебі, Инженерлік Менеджмент Мектебі, сонымен қатар Базалық дайындау факультеті және Қонақжайлылық орталық.

Білім беру қазақ, орыс, ағылшын 3- тілде жүргізіледі, 20 –дан астам мамандық бойынша білім беріледі, атап айтқанда: менеджмент, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі және қонақ үй  бизнесі, аймақтану, бағдарламалық инженерия, бизнес сарапшы және жаһандық мәліметтер және т.б.

AlmaU – қазақстандық және халықаралық деңгейдегі аккредитациялар мен марапаттарды иеленген Қазақстандағы университеттердің бірі.

AlmaU-дың  даму стратегиясының бағыттары -Университетті әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым және қоғамда әлеумет үшін жақсы жағдай қалыптастыруына   бағыттау болып табылады. Университетте «Еліміздің жоғары оқу орындары ауыл мектептерін қолдайды бағдарламасы», «Ұлытау-мәдени-лингвистикалық лагері», «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобалары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері мен авторлар үшін «ЗачОт» байқауы, Charity Wish Tree әлеуметтік жобасы, 2015 жылдан бастап студенттерге көшбасшылық - Service learning («қоғамға қызмет» - әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы моральдік қасиеттерді дамыту) жаңа пән енгізілген. Жыл сайын білімге құштар дарынды талапкерлер мен студенттерге университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  қаржылай қолдау көрсету мақсатында 100 млн. теңге  грант пен жеңілдіктер бөлініп отырады.

AlmaU-дың Астана, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында өкілдіктері жұмыс істейді. Өкілдіктер жұмысындағы басты бағыт шағын және орта бизнес жетекшілерін МВА және DВА бағдарламаларында, сонымен қатар семинарлар мен  тренингтерде оқыту болып табылады. 

AlmaU мектептері:

  • Базалық оқыту факультеті
  • Жоғары басқару мектебі
  • Қоғамдық саясат және құқық магистрі мектебі
  • Инженерлік менеджмент мектебі
  • Жоғары бизнес мектебі

Байланыстар: 

050060, Алматы қ.,    Розыбакиев көшесі, 227

Электрондық пошта: info@almau.edu.kz kanc@almau.edu.kz

Кеңсе: 8 (727) 313-30-54,

Факc: 8 (727) 302-21-21