ҚР ҰБ курстары, 26.04.2024
RUB 4.82 (+0.02)
EUR 476.38 (+2.08)
USD 444.22 (+0.37)

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 05. 04. 2001 26985-1910-М-Е нөмірлі шешімімен Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім, ғылым және мәдениет келісімдерінің нәтижесінде Алматыда құрылған. Университеттің құрушысы Қазақстан Республикасының заңы бойынша заңды тұлға  саналатын «Орта Азия Мәдениет қоры» болып табылады. Бұл қордың құрылтайшылары  Қазақстан және Түркия Республикаларының азаматтары. Сондықтан да Орта Азия Мәдениет қоры да, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті де халықаралық ұйым болып есептеледі.

Университеттің құрушысы Қазақстан республикасының заңы бойынша заңды тұлға саналатын Орта Азия Мәдениет қоры болып табылады. Бұл қордың құрылтайшылары Қазақстан және Түркия Республикаларының азаматтары. Сондықтан да Орта Азия Мәдениет қорыда, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті де халықаралық ұйымдар.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тарихта түп тамыры бір Түркия мен Қазақстан арасында білім мен мәдениет көпірі, жаңа заманның ғылыми және технологиялық жаңалықтарын қазақ жастарына таныстыру, сапа, тәртіп, тәрбие жағынан үлгі болуды көздеген. Университетіміз осы жетістіктерінің арқасында 2006-2007 жылдары Қазақстан университеттері  арасында 10 орынды иеленді. Осы жетістік бұдан да биіктерге шығу үшін жасалған алғашқы қадам болып отыр.

Орта және жоғарғы мамандық оқуы бағдарламалары әлеуметтік, педагогикалық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану, мәдениет, өнер және осы аталғандармен тамырлас білім салаларын өзара ұштастыра отырып, сапалы мамандарды дайындауға бағытталған.

Университет факультеттері:

  • Педагогика ғылымдары факультеті
  • Экономика және басқару факультеті
  • Тарих және дінтану факультеті

Байланыстар: 

050026, Алматы қ.,  Қазыбек би көшесі, 168

Электрондық пошта: ydu2006@mail.ru

Кеңсе факсінің нөмірі:  8 (727) 379 78 93