ҚР ҰБ курстары, 29.05.2024
RUB 4.99 (-0.01)
EUR 480.27 (-0.70)
USD 441.59 (-1.25)

Гуманитарлы-техникалық академия

Қазақстан нарығын жаңа форматтағы мамандармен толықтыру мақсатында 1992 жылы «Қазақстан-Солтүстік» АҚ президенті Пак Владимир Юн Диновичпен инновациялық білім беру жобасы аясында  Көкшетау экономика және менеджмент институты (КЭМИ) ашылды.  Еліміздің тұңғыш бес мемлекеттік емес жоғары оқу орындары қатарында оған білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия берілді. Құрылған сәттен бастап жоғары оқу орны жоғары сапалы білім беру қызметін көрсету сияқты басым мақсатты анықтады. Осыны ұстана отырып, 1995 жылы АҚШ-қа  біздің студенттеріміздің алғашқы сапары басталды. Осы жылы бізге  американдықтардың жаппай келуі және біздің оқытушылардың АҚШ–қа тағылымдамадан өткуіне алғашқы сапарлары басталды. 

Жоғары оқу орнында алғашқы жылдары студенттерге экономикалық білім берумен  экономика және менеджмент кафедрасы айналысты. Одан кейін математика және информатика, тілдер, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедралары ұйымдастырылды. 1996 жылы ректор, э.ғ.д., профессор Б.Ғ.Жүнісовтің ұйымдастыруымен «Қаржылық менеджмент және есеп» кафедрасы құрылды. Осыдан кейін жоғары оқу орнында «Экономика және менеджмент» мамандығымен байланысты жаңа мамандықтар ашылды.

2004 жылдың қыркүйек айында институт оқыту үрдісін кредиттік оқыту жүйесін ұйымдастыруға көшті, бұл дараландыру негізінде білім алушылардың өздігінен белсенді жұмыс істеуіне жағдай жасайды, кредит түрінде білім көлемінің есебін және оқу үрдісін реттемелеу аясында жеке білім беру траекториясын таңдауын қамтамасыз етеді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік технологиясын енгізу білім берудің ұлттық жүйесін реформалауда әлемдік беталысын тудырды, студенттермен, оқытушылармен, мамандармен академиялық алмасу, сонымен бірге алған дипломдардың конвертациялануы, еңбек нарығында біздің білім алушылардың талап етілуі  үшін қажетті жағдайлар жасалады. 

Гуманитарлы-техникалық академияның (ГТА) 26 жыл қызметі – жоғары оқу орнын дамытудың үлкен мерзімі емес. Сонымен қатар, өткен жолын, жеткен нәтижелерін қорытындылау, оқу үрдісін жетілдіру жолдары бойынша одан әрі дамыту келешегін айқындауға болады. Қазақстандағы жеке меншік жоғары оқу орындарының дәрменсіздігі туралы қараңғы болжамдарға қарамастан, академия өзінің үлесіне тиген қиындықтар мен сындарға төтеп қана бермей, сонымен бірге Қазақстанның солтүстігінде өз есімін нақты айқындап берді.

Академиядағы оқу үрдісі жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуге, компьютерлендіруге және ақпараттандыруға, оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолдануға және оқу жетістіктерін бақылауға бағытталған.

Соңғы уақытта қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми ынтымақтастық нығая түсті, академия «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» РМК, Ницца София Антиполис университетімен(Франия), Е-порталға арналған қашықтықтан оқыту бойынша қоғамымен(Германия), Каунасс техникалық университетімен(Литва), Орал федералдық университетімен, Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз техникалық университетімен, Воронеж мемлекеттік техникалық университетімен Бүкілресейлік сырттай қаржылық-экономикалық институтымен (Мәскеу), П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетімен, Омбы мемлекеттік сервис институтымен, Омбы гуманитарлы академиясымен, Түмен мемлекеттік мұнай-газ университетімен, П.П.Ершов атындағы Ишим мемлекеттік педагогикалық институтымен, Бішкек қаржы және экономика  академиясымен(Қырғызстан), К.Тыныстанов атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университетімен(Қырғызстан), ҚР Үкіметі жанындағы қырғыз мемлекеттік құқық академиясымен (Қырғызстан), Түрікмен мұнай және газ мемлекеттік институтымен, Түркімен мемлекеттік энергетика институтымен, Баден-Вюртемберг Экспорт академиясымен(Германия), Сібір бизнес және ақпараттық технологиялар институтымен(Омбы қ.) және басқалармен келісімшарт негізінде байланыс ұстайды

Жоғары білім беру нарығын қалыптастыру мен дамытудың 26 жылы ішінде Гуманитарлы-техникалық академия тек қана өзін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар  мамандарды даярлау сапасын жақсарту, оларды Қазақстан Республикасының еңбек нарығында бәсекеге қабілетті қылып көрсете алды.

Байланыстар: 

020000, Көкшетау қ.,   Жамбыл көшесі, 35

Электрондық пошта: info@GTA.kz

Кеңсе: 8 (7162) 26 49 49

Кеңсенің  факсі: 8 (7162) 26 48 28