ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Батыс Қазақстанның алғашқы жекеменшік жоғары оқу орындарының біріболып табылады.

АИГИ-ді  құру идеясы халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты, Қазақстанның Батыс аймағында мұнай және газ саласы үшін жоғары білікті мамандарға деген сұраныстың артуымен өмірге келді.

Институт өз қызметін жүргізу барысында 5000-нан астам кәсіби мамандарды даярлап шығарды. Оның қалыптасуы кезеңінде материалдық-техникалық база нығайып, білікті мамандармен толықтырылды. Жыл санап институт өңірдің беделді жоғары оқу орнына айналды.

Бүгінде АИГИ жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша маңызды ғылыми және оқу орталығы болып саналады. Оның айтарлықтай материалдық-техникалық базасы және профессор-оқытушылар құрамы ретінде ғылыми-педагогикалық әлеуеті бар. АИГИ республиканың батыс өңірі халқының өміріне бейімделіп, өз үйлесімін тапқан. Институттың даму тарихында Батыс Қазақстанның қалыптасу тарихы көрініс табады.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының көптеген түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де жұмыс істейді. Олардың көпшілігі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық кәсіпорындар мен ұйымдардың, компаниялардың басшыларына айналды. Тұтынушылар арасында тек қазақстандық компаниялар, мекемелер ғана емес, сонымен қатар Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар (Adip KCO, Tengizchvrol және т.б.) ерекше орын алады.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мақсаты экономиканың әр түрлі салаларында, инженерлік және педагогикалық білім беруде, қазіргі заманғы үздіксіз дамып келе жатқан оқыту жүйесі негізінде жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады. Институтта құрылған жүйе төрт негізгі бағыттарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу және қолдау мақсатында адамдарды, үрдістер мен өндірістік құрылымды біріктіреді: ұйымдастыру-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік. Мұндай ұйымдық база институттың көп қырлы қызметін жоспарлы дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.

Байланыстар: 

060014,  Атырау қ.,   Худин көшесі, 5

Электрондық пошта: atyrau@mail.ru

Қабылдау бөлмесі: 8 (7122) 31-93-00

Қабылдау бөлмесінің факсі: 8 (7122) 31-93-00