ҚР ҰБ курстары, 26.04.2024
RUB 4.82 (+0.02)
EUR 476.38 (+2.08)
USD 444.22 (+0.37)

Павлодар педагогикалық институты

Павлодар педагогикалық институты (ППИ) 1962 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Қарамағында төрт аудиториясы болды, бір жылдай №3 мектептің төртінші қабатында сабақ жүргізді. Тарих-филология және физика-математика факультеттерінде 150 адам оқыды. Сабақты 14 оқытушы жүргізді. Қабылданған студенттердің 50 пайызында екі жылдан астам еңбек өтілі болды. Басқа жерлерден келген студенттер жеке пәтерлерде, №3 мектептің ескі ғимаратында тұрды. 1964 жылдың жазында алғашқы жатақхана салынды.

Білім беру сапасын және басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында 2007 жылы ЖОО-нда сапа менеджменті жүйесі енгізілді. 2008 жылы лицензиялау саласына сәйкес мамандықтар мен бағыттар бойынша жоғары кәсіби білімінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (бакалавр, маман) білім беру қызметтерін жобалау мен әзірлеуге қатысты, «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі Қауымдастығы (Санкт-Петербург қаласы) мен «IQNet» Халықаралық сертификаттау жөніндегі жүйесіне сәйкес сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2008 Халықаралық сертификаты берілді.

ПМПУ-нің миссиясы: Ұлттың зияткерлік әлеуетінің дамуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының педагогикалық элитасын қалыптастыру.

ПМПУ факультеттері:

  • Өнер және спорт факультеті
  • Гуманитарлық факультеті
  • Жаратылыстану факультеті
  • Педагогикалық факультеті
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

Байланыстар:

140002, Павлодар қ.,  Мир көшесі, 60

Электрондық пошта: priempspi@gmail.com

Кеңсе: 8 (7182) 65-16-02

Кеңсенің  факсі: 8 (7182) 552476