ҚР ҰБ курстары, 27.04.2024
RUB 4.82 (0.00)
EUR 475.54 (-0.84)
USD 443.35 (-0.87)

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Академия миссиясы:

Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзыреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын  дамыту арқылы медицина және фармацевтика салаларында жылдам өзгеретін кез-келген жағдайларға тез үйренетін медициналық және фармацевтикалық саладағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды Оңт.стік аймақ пен бүкіл Республика үшін дайындау. 

Білім беру жүйесіндегі орны:

Халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай мамандарды даярлауға бағытталған құзыреттілік тәсілдеріне және практикалық денсаулық сақтау мен фармацевтикалық өндірістердің қажеттіліктеріне негізделген медициналық және фармацевтикалық білім берудің тиімді жүйесі

 ОҚМА өз миссиясын жүзеге асыруға негізделген негізгі этикалық қағидалар:

  • ОҚМА ПОҚ жоғары кәсібилігі қағидасы – бұл дайындықтың барлық деңгейіндегі білім алушыларға сапалы білім беру қызметін ұсынатын  ПОҚ-ның өз білімдері мен дағдыларын үнемі жетілдіруі. 
  • ОҚМА-дағы сапа қағидасы  - қазақстандық білім беруді жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру болып табылады, оның басты бағыты жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің  өзекті және перспективті сұранысына сәйкес білім беруде қазіргі заманауи сапамен қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар мен ғылым мен тәжірибедегі жаңа жетістіктерді оқу процесінде, ғылыми-зерттеу қызметтерінде және кеңес беру-диагностикалық жұмыстарда қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
  • Оқу бағдарлау қағидасы - білім беру бағдарламаларының икемді траекториялары бойынша студентке орталықтаныдырылған  оқу процесін іске асыру, еңбек нарығында тез өзгеріп отыратын экономикалық жағдайлар мен қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, білім алушыларға олардың кәсіби өсуі үшін барынша тиімді жағдайлар жасау, мотивацияны дамыту және білім беру нәтижелерін бақылау, білім беру бағдарламаларын үздіксіз жаңарту, тиімді кәсіби қызметі үшін қажетті білімі мен біліктілік шеңберін кеңейту.

Академия факультеттері:

  • Фармация факультеті
  • Медициналық факультеті
  • Медицина колледжі
  • Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі
  • Үксіздік кәсіптік дамыту факультеті

Байланыстар:

Шымкент қ.,   әл-Фараби даңғылы, 1

Электрондық пошта: medacadem@rambler.ru

Кеңсе: 8 (7252) 40-82-22(вн.219)

Кеңсенің  факсі:8 (72-52) 40-82-19