ҚР ҰБ курстары, 25.04.2024
RUB 4.8 (+0.04)
EUR 474.3 (+0.97)
USD 443.85 (-0.47)

Қазақстан-Ресей Медицина Университеті

Қазақстан-Ресей Медицина Университеті – еліміздің ең ірі жеке меншік жоғары оқу орындарының  бірі  (мемлекеттік лицензия АБ 0026246), мемлекеттік аттестаттаудан төрт рет өткен (1998, 2003, 2007, 2012 ж.) және мемлекеттік үлгідегі диплом береді. Біздің тарихымыз  1992 ж.  ірі саяси және экономикалық қайта құрулар толқынында басталады, ол кездері ғылым және жоғары білім беру саласын  реформалауға маңызды орын  бөлінеді. Дәл осы кезде ҚР Ғылым Академиясының академигі, ҚР Медицина ғылымдары академиясының президенті, Халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі, Қазақстанның Халық Қаһарманы – Мұхтар Әлиұлы Әлиев профессор К. М.  Маскеев және доценттер В. С. Голубченко және О. А. Пановалармен бірлесе ТМД-да алғашқы жеке жоғарғы оқу орындарын ашады. Содан кейін ол Қазақстан Медицина Институты (ҚМИ) ретінде белгілі болды. Кейінірек, 2010 жылы ол жоғарғы оқу орыны Қазақстан-Ресей Медицина Университеті болып қайта аталады.

Жоғарғы оқу орынының білім беру бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандартына толық жауап береді. Бұл ретте Университет базасында Республикада жоғарғы медициналық білімді жетілдіруге бағытталған жаңа нысандары мен әдістері табысты сыналды. Оқу процессі 200-ден астам оқытушыны, олардың ішінде әлемге әйгілі дәрігерлер және ірі Қазақстан мен шет елдер ғалымдарын қамтиды. Сондай-ақ, студенттердің академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша шет елде оқыту және практикадан өтуге мүмкіндіктері бар. Оқыту шарттық негізде, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру гранты бойынша өткізіледі.

Студенттерде оқыту тілін (қазақ және орыс)таңдауға еркіндігі бар, және бірінші курстан бастап шет тілдерін  қарқынды оқи бастайды. 

Арнайы клиникалық пәндер бойынша практикалық оқытулар Алматының жетекші емдеу орталықтарында өткізіледі.  Университеттің оқу-клиникалық базалары:

  • Көз ауруларын ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
  • Академик Б. Жарбосынов атындағы ғылыми урология орталығы.
  • Кардиология және ішкі ауруларды ғылыми-зерттеу институты
  • А. Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы.
  • ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери-клиникалық госпиталі
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сот медицинасы орталығы, Алматы филиалы
  • «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы
  • №7 қалалық клиникалық аурухана
  • И.Жекенова атындағы Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы
  • Алматы қаласының жедел жәрдем ауруханасы
  • Жедел медициналық көмек көрсету станциясы
  • «№16 қалалық емхана» МКҚК
  • «№4 перзентхана» МКҚК
  • «Қазақстан санаториясы» АҚ және т.б.

ҚРМУ алыс және жақын шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста. Біздің серіктестеріміз: «А.Алмазов атындағы жүрек, қан және эндокринологияның федералды орталығы» ФМБМ –Ресей, «Nagasaki University» — Жапония, «Халықаралық Балтика академиясы» — Латвия, «РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Волгоград медициналық университеті» МББМЖКБ Пятигорск медицина-фармацевтика институтының филиалы, «Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей-Славян университеті», РФ Денсаулық сақтау министрлігінің «Башқұрт мемлекеттік медициналық университеті» МББМЖКБ, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің «Омбы мемлекеттік медициналық академиясы» МББМЖКБ, «KGV Enterprise ltd» — Үндістан, European Commission\Directorate-General Development and Cooperation – Europe Aid (DEVKO), Брюссель, Бельгия.

Бірлескен ғылыми қызмет, бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау, ғылыми зерттеулер, генетика, эпидемиология, регенеративтік медицина, ана мен баланы қорғау ұйымдастырылды. Интерндер және резиденттер бағдарламасы бойынша академиялық мобильділік , оқытушылар мен дәрігерлердің машықтануы, дипломнан кейінгі үздіксіз білім беру,  онкология, эндокринология, реабилитология, педиатрия саласындағы инновациялық технологияларды енгізу жүзеге асырылуда.

Университет факультеттері:

  • Жалпы медицина факультеті
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация» факультеттері
  • Стоматология факультеті

Байланыстар:

050004, Алматы қ.,   Төреқұлов көшесі, 71

Электрондық пошта: nuo_kmu@mail.ru

Номер факса: 8 /727/ 250-83-75, 250-95-57