ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Семей медицина университеті

2018 жылдың қазанында Семей медицина университеті өзінің 65-жылдығын атап өтті. Қазақстан Республикасының жоғары медициналық жоғары оқу орындарының ішіндегі көрнектілерінің бірі, оның жеке меншік Университеттік госпиталы, сондай –ақ Павлодар және Өскемен қалаларында филиалдары бар. 

1953 жылы 1 қыркүйекте емдеу факультетін ашумен Семей медицина университетінің негізі қаланды, оған алғашқы 320 студент қабылданды. 1952 жылы Кеңес Одағы Министрлер кабинетінің университетті ашу жөніндегі қаулысы шыққан болатын. Барлығы қызмет еткен жылдарда ЖОО түлектері бүкіл Қазақстан, алыс және жақын шетелдерде табысты еңбек етуде. Семей медицина университеті – ол бай тарихи дәстүрлерге толы, зор әлеует пен беделді ғылыми мектептер. Міне, 65 жыл бойы біз Қазақстан медицинасының дамуына және денсаулықты сақтауға өз үлесімізді қосудамыз. 

МИССИЯСЫ: "Ең жақсы білім берудің, клиниканың және ғылымның интеграциясы негізінде бәсекелестікке қабілетті мамандарды сапалы даярлау арқылы Қазақстан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға көмек көрсету" 

Семей медицина университетінің тарихы 1953 жылдың 1 қыркүйегінде емдеу ісі факультетіне 320 студенттің қабылдаумен басталды. Университеттің қызмет ету барысында 25 000 түлек бітіріп, олар Қазақстан және алыс-жақын шетелдерде қызмет атқарып келеді. Олардың арасында ҰҒА 3 академигі, Қазақстан республикасының парламентінің депутаттары, 6 адам медициналық ЖООда ректорлық қызмет атқарып, Облыстық денсаулық сақтау департаментінде 14 басшы және басқада ғылым және тәжірибе саласында қайраткер жұмыс жасауда

Соңғы жылдары оқу үдерісін жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылып, ғылыми медициналық әлует дамып, материалдық-техникалық база бекемделді. ЖОО елде және әлемде танымал болып, қарқынды түрде дамуда. 2009 жылдан бастап оған Университет мәртебесі берілді. Қазіргі танда бұл Шығыс Қазақстан облысы және Павлодарда аймақтарында көп профильді медициналық университет, білім және мәдени орталық болып табылады.

Жоғарғы мақсатқа жету үшін университетте 1500 астам профессор, оқытушылар, қызметкерлер мен дәрігерлер еңбек етуде. Жыл сайын 600-ден астам талапкер университеттің студенттер қатарына қосылуда, студенттердің жалпы құрамы 4 000 адамнан асуда. Университетте Үндістаннан, Пакистаннан, Ресейден, Монғолиядан келген шетелдік студенттер білім алуда. 

Байланыстар: 

071400,   Семей қ.,   Абай көшесі, 103

Электрондық пошта: mail@ssmu.kz

Кеңсе: 8 (7222) 569-755

Кеңсенің  факсі: 8 (72-22) 569-755