ҚР ҰБ курстары, 27.04.2024
RUB 4.82 (0.00)
EUR 475.54 (-0.84)
USD 443.35 (-0.87)

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Университет тарихы 1998 жылдан басталады. Университет Қазақ мемлекеттік заң академиясының филиалы ретінде қызметін бастаған.

2007 жылғы жоғарғы оқу орындарын оңтайландыру және нығайту процесіне байланысты қаланың екі университетінің- Семей қаласының заң инстиуты мен М.О.Әуезов атындағы университеттің бірігуі орын алды.

2009 жылғы 6 ақпаннан бастап білім беру мекемесінің атауы «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті» деп өзгертілді.

Университет миссиясы: аймақтың индустриалды-инновациялық дамуын көздейтін әртүрлі бағыттағы жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Болжау: Қоғамның өзгерісте болатын қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған аймақтық университет.

Университеттің стратегиялық дамуының басты мақсаты Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы интеграция жағдайында жұмыс атқара алатын бәсекеге қабілетті мамандарын кешенді даярлау болып табылады.

Байланыстар: 

071400, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 11 үй

Электрондық пошта: semey@kazguiu.kz

Кеңсе: +7(7222)321396

Кеңсенің  факсі: +7(7222)321396