ҚР ҰБ курстары, 18.04.2024
RUB 4.76 (-0.01)
EUR 477.93 (+1.11)
USD 448.89 (+0.08)

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті алғаш 1996 жылдың тамыз айында Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе бөлімі болып қалыптасты. (лицензия №0000399). 1997 жылы Батыс Қазахстан экономика және қаржы институты болып қайта құрылды. 2001 жылдың маусымынан бастап академик С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті мәртебесіне ие болды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті - Батыс Қазақстан аймағындағы ірі жеке жоғары оқу орындарының бірі.Қазіргі таңға дейін университет 40000 жуық экономика, педагогика, техника саласының мамандарын, сонымен қатар дизайнерлер мен аудармашыларды даярлап шығарды. Бүгінгі күні бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша университеттің экономикалық және гуманитарлық-техникалық факультеттерінде үш жарым мыңға жуық студенттер және магистранттар оқып жатыр.

Университеттің жұмысы кампус принципі бойынша іске асырылады, яғни оның құрамында оқу-зертханалық корпус, жатақхана, кітапхана, оқу залы, мультимедиялық, компьютерлік және интернет–класстар, асхана, спорт кешені, теннистік корт және өндіріс ғимараттары бар.Университет осы жылдар ішінде жаңа үлгідегі проекторларымен, интерактивті тақталармен, компьютерлермен және лингафонды дәрісхана және зертханалармен жабдықталды.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті білім беру мекемелерімен, ғылыми институттармен, түрлі профилді және кәсіби қоғамдастық, соның ішінде халықаралық компаниялармен байланыс орната отырып, білім берудің әлемдік жүйесін дамытуда және қолдауда «ашық жүйе» принципін басшылыққа алады. Жан-жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында университет алыс-жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен академиялық келісім шартқа (80-ге жуық келісім шарт) отырды.

Университет мектептері:

  • Білім беру жоғары мектебі
  • Бизнес және құқық жоғары мектебі
  • Инженерия жоғары мектебі

Байланыстар: 

030000, Ақтөбе қ.,   Ағайынды Жұбановыхтар көш., 302а

Электрондық пошта: eduausb@mail.ru

Приемная: 8(7132) 97-40-81,82,83

Факс: 8(7132) 52-36-00